Артқа оралу
Изображение новости

Nomad Insurance 15,2 млн теңге төлеп, зардап шеккен қазақстандықты Египеттен елге эвакуациялады

15 шілде, 2025

01.06.2025ж. жағдай бойынша шетелге шығатындарды ерікті сақтандыру және туристерді міндетті сақтандыру нарығында 1-орында тұрған, сондай-ақ жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру бойынша 3-орында тұрған Nomad Insurance сақтандыру компаниясы Египетте демалып жүрген қазақстандыққа жедел медициналық ота мен санитарлық эвакуацияны қаржыландырды.

Бекмұхамед Қалиев 25.06.2025ж. бастап Шарм-эль-Шейх қаласында демалып жүрген. Египетке келгеннің екінші күнінде сатыдан құлап, мойын омыртқаларын сындырып, жұлын жарақатын алған. Қонақүй қызметкерлері зардап шеккен азаматты шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Ауруханада барлық қажетті диагностикалық шаралар (КТ, МРТ, нейрохирург кеңесі және т.б.) жасалып, жедел ота жасалды.

Оқиға туралы ақпарат түскен бойда Nomad Insurance компаниясының қызмет орталығы туристің туыстарымен дереу байланысқа шықты. Клиникаға барлық диагностикалық процедуралар, ота және кейінгі емдеу шығындарын сақтандыру лимиті шегінде жабу жөнінде растау жіберілді. Мойын омыртқасына жасалған отадан кейін тыныс алуында асқыну туындап, пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Оның жағдайы ұзақ уақыт бойы тұрақсыз болды.

Осы кезеңде қызмет орталығының мамандары зардап шеккен азаматтың отбасы және Египеттегі ҚР консулдығымен тұрақты байланыста болып, емдеудің сапасы мен төлемдердің уақытылы жүргізілуін қадағалады.

Жарақаттың ауырлығына байланысты пациенттің тұрақты рейспен оралуы мүмкін болмады. Туыстары ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық эвакуация ұйымдастыру туралы өтініш жолдады. Дәрігерлер рұқсат бергеннен кейін Nomad Insurance пациентті Қазақстанға санитарлық авиацияның арнайы ұшағымен жеткізуді ұйымдастырды. Барлық шығындар сақтандыру полисінің 30 000 АҚШ доллары (15,2 млн теңге) көлеміндегі лимиті шегінде толық өтелді.

— Біздің басты мақсатымыз – формалды диагноз емес, клиенттің нақты қорғалуы, — дейді Nomad Insurance басқарма төрағасы Даурен Иманжанов. — Біз тек шетелдегі емдеуді ғана емес, қажет болған жағдайда пациентті елге эвакуациялауды да қаржыландырамыз. Бұл жағдай Nomad Insurance компаниясының ауыр нейрохирургия мен авиациялық логистика кезінде де клиентке толық қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетеді.

Бөлісу