Артқа оралу
Изображение новости

Nomad Insurance, Tassay және Kulikov қазақстандық жас робототехниктерді қолдады – MLP FTC командасы Нидерландыда өтетін әлемдік финалға аттанады

02 шілде, 2025

FIRST Tech Challenge ұлттық және халықаралық іріктеулерінің финалисі MLP FTC робототехника командасы Қазақстанның атынан 2025 жылғы 2–5 шілде аралығында Нидерландыда өтетін World Open FTC 2025 жарысына қатысады. Жас инженерлердің корпоративтік серіктестері — Tassay Energy, Kulikov Group және Nomad Insurance сақтандыру компаниясы болды.

Бұл бірлескен бастама STEM-білім беруді дамытуға, инженерлік мамандықтарды танымал етуге және мектеп оқушыларының технологиялық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Серіктестердің қолдауы командаға дайындықты аяқтауға, жабдықтар мен роботтарды жарыс алаңына жеткізуге, сондай-ақ жобаны медиялық сүйемелдеумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

MLP FTC командасы аймақтық және халықаралық кезеңдердің бірнешеуінің жеңімпазы ретінде өзін Орталық Азиядағы ең мықты командалардың бірі ретінде таныта білді. 2025 жылғы ақпанда олар халықаралық іріктеуден сәтті өтіп, формаларын қазақстандық компаниялардың логотиптерімен безендірген болатын. Енді олар еліміздің атынан жаһандық деңгейде өнер көрсетуге дайындалуда.

«Үш компания үшін бұл жобаға қатысу — Қазақстанның болашақ технологиялық келбетін айқындайтын инженерлерге салынған инвестиция», — деп атап өтті Nomad Insurance басқарма төрағасы Даурен Иманжанов.

Бизнес пен білімнің әріптестігі ірі брендтердің әлеуметтік құндылықтар жасауға және жас әзірлеушілер өз идеяларын әлемдік деңгейге шығара алатын экожүйені қалыптастыруға деген ұмтылысын көрсетеді.

Бөлісу