Артқа оралу
Изображение новости

Nomad Insurance Тайвань маңында апатқа ұшыраған балкер үшін 412 млн теңге төлем жасайды

12 тамыз, 2025

Халықаралық қаржылық тұрақтылық рейтингінде S&P Global Ratings агенттігінен «BB+» бағасына ие қазақстандық сақтандыру компаниясы Nomad Insurance теңіз сақтандыруының жаһандық нарығындағы ірі сақтандыру жағдайы бойынша өз міндеттемелерін орындайды. Атап айтқанда, Blue Lagoon балкерінің толық жойылуы бойынша қайта сақтандыру шеңберінде шамамен 412 млн теңге (760 000 АҚШ доллары) төленеді.

Барбадос туы астындағы бұл кеме 2024 жылғы 1 қазанда Тайванның оңтүстік-батыс жағалауынан 18 миль қашықтықта жүрісінен айырылды. Машина бөліміндегі ақау, «Кратон» тайфуны тудырған алты метрлік толқындар мен қатты жел эвакуацияның алғашқы әрекетін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Дегенмен бірнеше сағаттан кейін жағалау күзеті Ресей, Украина және Египет азаматтарынан құралған 19 экипаж мүшесін тікұшақпен қауіпсіз жерге көшірді.

Экипаж эвакуацияланғаннан кейін Blue Lagoon кемесі жағалаудағы тастарға соғылып, екіге бөлінді. Бұл жағдай кеме корпусының толық жойылуына тең сақтандыру оқиғасы ретінде танылды.

Басқарма төрағасы Даурен Иманжанов:

«Мұндай ірі шығынға қатысуымыз біздің халықаралық талаптарға толық сай жұмыс істеуге қабілетті екенімізді көрсетеді. Шетелдік контрагенттер алдындағы міндеттемелерді орындауға дайын екенімізді және қаржылық тұрақтылығымызды растайтын бұл валютадағы төлем теңіз кемелерін сақтандыру (Marine Hull) мен ерекше тәуекелдер саласында Қазақстанның беделін арттырады», – деді.

20 жылдан астам уақыт бойы Nomad Insurance жаһандық деңгейдегі серіктестермен жұмыс істеп келеді. Олардың қатарында Уоррен Баффетке тиесілі Berkshire Hathaway Specialty Insurance (BHSI), сондай-ақ Apple, Walt Disney, Johnson & Johnson сияқты алпауыт компаниялар бар. Қайта сақтандыру тәуекелдері Lloyd’s Syndicates, Chubb, Hannover Re, Polish Re, Allianz, Tokio Marine, Scor және басқа да жоғары рейтингті серіктестер арасында орналастырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін www.nomad.kz  немесе қысқа нөмір 2233.

Бөлісу