Қазақстандағы, әсіресе Алматы қаласындағы сейсмикалық қауіптілік аясында және елде міндетті тұрғын үйді сақтандыруды енгізуге дайындық кезінде сақтандыру тұрақтылығы мен қаржылық сауаттылық мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Nomad Insurance жүйелі түрде адамдарға қамтудың түрлерін, сақтандыру сомаларын және төтенше жағдай кезінде іс-әрекет ережелерін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, компания халықпен де, бизнеспен де бірізді жұмыс жүргізіп, полис қандай тәуекелдерден қорғайтынын, қандай лимиттер мен франшизаларды таңдаған дұрыс екенін, оқиға орын алғанда не істеу керегін және неге сақтандыру төтенше жағдайлардан кейін жылдам қалпына келудің кілті екенін түсіндіреді.
Жарияланған міндеттемелерін нақты іспен дәлелдей отырып, Nomad Insurance 2024 жылдың сәуірінде Тайваньның Хуалянь қаласы маңында болған магнитудасы 7,7 жер сілкінісінен зардап шеккен әлемдегі ең ірі жартылай өткізгіш өндірушісі TSMC-тің шығындары бойынша қайта сақтандыру төлемі ретінде 331,2 млн теңге (636 571 АҚШ доллары) өтемақы жасады. Бұл - аралдағы соңғы 25 жылдағы ең ірі жер сілкінісі болды.
TSMC – Apple, Qualcomm, AMD және NVIDIA сияқты технологиялық алпауыттарға арналған чиптердің өндірісіне қатысатын әлемдегі жетекші келісімшарттық микросхема өндірушісі. 1987 жылы негізі қаланған компания 1000-нан астам клиентке қызмет көрсетіп, жоғары өнімді есептеу жүйелері, смартфондар, автокөлік өнеркәсібі және цифрлық электроника үшін 12 000-нан астам өнім шығарады. Бұл мысал апаттық оқиғалардың тек қана зардап шеккен аумақтағы тұрғын үйлер мен нысандарға ғана емес, сонымен қатар экономика мен бізге үйреншікті технологияларға тәуелді жаһандық жеткізу тізбектеріне қалай әсер ететінін айқын көрсетеді.
«Бұл төлем Nomad Insurance компаниясының апатты әрі жоғары технологиялық тәуекелдер бойынша міндеттемелерін сөзсіз орындай алатынын дәлелдеп, халықаралық серіктестер мен тапсырыс берушілердің сенімін арттырады. Олардың өнімдері Apple смартфондарынан бастап NVIDIA жасанды интеллект акселераторларына дейін үздіксіз жұмысқа тәуелді. Қазіргі төлем біздің жаһандық нарықтағы қатысу стратегиямыздың қисынды жалғасы болып табылады», – дейді брокерлермен және қайта сақтандырумен жұмыс істеу басқармасының директоры Рано Толеш.
Қазақстан үшін мұның тікелей қолданбалы мәні бар, себебі міндетті тұрғын үйді сақтандыруды енгізуге дайындық пен қаржылық сауаттылықты арттыру – халық пен бизнестің табиғи қауіптерге қарсы тұрақтылығының кепілі.
Қосымша ақпарат алу үшін www.nomad.kz сайтына кіріңіз немесе 2233 нөмеріне қоңырау шалыңыз.