Артқа оралу
Изображение новости

Nomad Insurance тұрақты даму бағытын алып келеді.

14 қазан, 2025

«Nomad Insurance» Сақтандыру Компаниясы» АҚ, ESG бойынша бірқатар бағалаудан өтіп жоғары нәтиже көрсетті, сонымен қатар, Smart Plastic Zone бағдарламасы бойынша SILVER дәрежесіне ие болып өзінің экологиялық тәжірибелерді ұстанантынын дәлелдеді. 

Компания қалдықтарды бөлек жинауды белсенді түрде енгізіп, бір рет қолданылатын пластик санын азайтып, цифрлық шешімдер енгізуде және қызметкерлердің экологиялық мәдениетін арттыруда.

Осы қадамдардың арқасында  Nomad Insurance «Жасыл кеңсе» құру және басқарудың ашықтығын арттыру жолында сенімді қадамдар жасауда. 

ESG-диагностика нәтижелері бойынша компанияның күшті жақтары белгіленді:

-          дамыған басқару жүйесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты;

-          цифрландырудың жоғары дәрежесі және үрдістердің автоматтандырылуы;

-          энергия тиімділігі және ресуртарды ұтымды пайдалану саласындағы бастамалар;

-          қызметкерлердің әлеуметтік белсенділігі және волотёрлік жобаларды қолдау.

 

Келесі саты ретінде тұрақты даму саясатын, «жасыл кеңсе» мен қалдықтарды есепке алу мониторингін құру, сондай-ақ кәсіби ESG-қоғамдастықтарына қатысу жоспарлануда.

Nomad Insurance қоршаған ортаға және қоғамға деген қамқорлық – ол тренд емес, корпоративтік мәдениеттің бөлігі екенін дәлелдей отырып, жауапты бизнес жолын жалғастыруда.

Бөлісу