Артқа оралу
Изображение новости

Алматыда жер сілкінісі: неге «Комфорт» тұрғын үй сақтандыру полисі жайлы ойланудың уақыты келді

04 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 4 желтоқсанында Алматы тұрғындары тағы да жер асты дүмпуін сезді.

ТЖМ деректері бойынша, сағат 12:44-те сейсмикалық станциялар жүйесімен магнитудасы 6,7 жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Қаланың өзінде жер сілкінісінің күші 3 балл шамасында сезілді.

Сейсмикалық қауіпті аумақта орналасқан Алматы үшін әр осындай жер сілкінісі қауіпсіздік шараларының ғана емес, сондай-ақ тұрғын үйді қаржылық қорғау да қаншалықты маңызды екенін еске салады. «Пәтерді жер сілкінісінен және басқа дүлей апат түрлерінен қалай сақтандыруға болады» деген сұрақ барған сайын өзекті мәселеге айналуда.

Неліктен жер сілкінісінен тұрғын үйді сақтандыру әлі күнге дейін қалыпты нәрсеге айналмады?

Тұрақты дүмпулерге қарамастан жер сілкінісі мен дүлей апаттардан пәтерді және үйді сақтандыру Қазақстанда әлі күнге дейін жеткілікті дамымаған.

Бұл жағдай негізінен сақтандыру мәдениетінің елде енді қалыптасуына байланысты: көпшілік сақтандыру қорғанысының мүмкіндіктерімен толық таныс емес, сақтандыру компанияларына деген сенім өсуде, ал Төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыру қалыптасу барысында.

Халықаралық тәжірибе басқаны көрсетеді: сейсмикалық қауіпті аумақтағы елдерде мүлікті жер сілкінісінен қорғау сақтандыруы азаматтар мен экономиканы қорғаудың шешуші құралы болып танылады. Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде тұрғын үйді апаттардан сақтандырусыз тәуекелдерге жауапты қарауды елестету қиын.

Қазақстан да сейсмикалық қауіпті аумақ қатарына кіреді. Дегенмен, қатты жер сілкінісі жағдайында тұрғын үйді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемін халықтың тек 3-4% ғана алады және негізінен олар заңды тұлғалар мен коммерциялық жылжымайтын мүлік иелері. Көп отбасы үшін тұрғын үйдің елеулі зақымдануы немесе жойылуы көпжылдық қарыздарға және жедел қалпына келу мүмкіндігінің шектелуіне алып келуі ықтимал.

Nomad Insurance апаттық тәуекелдерге қалай дайындалады

Nomad Insurance сақтандыру компаниясы Қазақстандағы мүлікті сақтандыру нарығының ықпалды қатысушыларының бірі, бірнеше жылдан бері апаттық тәуекелдерге өз дайындығын жүйелі түрде күшейтіп келеді.

Мысалы, апаттық оқиғалар бойынша қайта сақтандыру ауқымы 20 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл өз кезегінде елеулі зақым болған жағдайда клиенттік портфельді неғұрлым берік қорғаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Nomad Insurance талдаушылар тобы апаттық тәуекелдерді басқарудың халықаралық тәжірибесін зерттейді және қазақстандық нарыққа ең орынды шешімдерді бейімдейді.

Осы жағдайда мына сұрақ ерекше маңыздылыққа ие болады: Алматы қаласындағы қарапайым пәтер иесі қазірдің өзінде не істей алады?

«Комфорт» сақтандыру өнімі: пәтерді жер сілкінісінен және басқа тәуекелдерден сақтау

Nomad Insurance тұрғын үйді сақтандырудың тек сенімді ғана емес, сонымен қатар, адамдарға түсінікті болуының маңыздылығына ерекше көңіл аударады.

 «Бізде клиентке полисті «өзіне ыңғайлап» жинауға, яғни, керекті тәуекелдерді таңдап және артық төлемеуге мүмкіндік беретін «Комфорт» сақтандыру өнімі бар. Сақтандыру өтеліміне ең жиі орын алатын қауіптер кіреді: су басу, өрт, дүлей апаттар, сондай-ақ жер сілкінісі, тұрмыстық газдың жарылуы, үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері. Бұл тәуекелдер барлық сақтандыру жағдайларының 97%-нан аса бөлігін қамтиды. Бұл ретте сақтандыру құны ықтимал шығындардан әлдеқайда төмен: шамамен құны 30 млн теңге тұратын пәтердің орта сақтандыру сыйлықақысы жылына 39 000–42 000 теңге құрайды» -деп мәлімдейді Nomad Insurance-тың PR бөлімінің басшысы Шакир Иминов.

Осылайша, «Комфорт» өнімі бойынша пәтерді сақтандыру өз тұрғын үйіңізді маңызды  тәуекелдерден: жер сілкінісі, өрт, су басу, тұрмыстық жарылыс, вандализм және басқа да үлкен залалға жиі алып келелтін негізгі қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді.

Жер сілкіністері қайталанатын болады. Біздің пәтерлеріміз соған дайын ба?

Соңғы жер асты дүмпулері бізге тағы да мәселе Алматыда жойқын жер сілкінісі болу болмауында емес, тұрғындардың оған физикалық және қаражалай қаншалықты дайындығында екенін дәлелдеді.

Тұрғын үйді жер сілкінісінен және дүлей апаттардан сақтандыру – артық шығын емес, өз мүлкіңізді сақтау мен қиын жағдайда отбасы үшін қаржылай ауырпалықты төмендетудің амалы.

«Комфорт» полисі және басқа да мүлікті сақтандыру өнімдері жайлы толығырақ www.nomad.kz сайтында немесе 2233 қысқа байланыс нөмірі арқылы біле аласыз.

Бөлісу