Құрметті салық төлеуші!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сізге 2025 жылдың қорытындысы бойынша салықтық міндеттемелерді адал
орындағаныңыз үшін алғыс білдіреді. "Номад Иншуранс" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы,
Сіздің жауапкершілігіңіздің нәтижесінде мемлекет негізгі әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуде. 2025 жылы бюджет қаражаты әлеуметтік сала
(52%) сияқты басым бағыттарға жолданды, оның ішінде 17,1% зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін құрайды. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне айтарлықтай көңіл
бөлінеді, осы мақсаттарға 22,3% бағытталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға арналған шығыстардың үлесі
8,1%-ды, көлік пен коммуникациялар – 6,1%-ды құрайды. Экономиканың нақты секторын дамытуға арналған шығыстар 6,1%, ауыл
шаруашылығы – 3,2%.
Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңыз бен бизнесті ашық жүргізуіңіз
Қазақстан Республикасының өркендеуінің және әрбір азаматтың өмір сапасын
арттырудың фундаменті болып табылады.
Сізге еліміздің болашағына қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз!